Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шықты

Шымкент қаласындағы Ерметов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты. Қызыл алаудың қатты шарпығаны соншалық тұрғын үйдің түгі қалмай жанып кетті. Сондай-ақ шағын үймен жапсарлас орналасқан қоралар өртеніп кетті. Шарпыған өртті байқаған көршілері көмекке ұмтылып, қайғылы жағдайды алдын алуға септігін тигізді.

Оқыс жағдай кезінде үй иесінің қан қысымы көтеріліп, мазасы қашты. Оқиға орнына келген жедел-жәрдем қызметкерлері егде жастағы азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша оқыс жағдайға электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.