Шымкентте 14-ші қараша күні марафон өтеді. Бұл жарысқа тек елімізден ғана емес сонымен қатар, басқа елдерден бақтарын сынаймын деген жандар да қатыса алады. Мұндай үлкен көлемді марафон шаһарымызда алғаш рет өтпек.
Жүгіру қашықтығы 5 шақырымнан 42 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. Марафон «Роял фитнес» клубынан бастау алса, мәре Наурыз алаңына дейін жетеді. Ал тіркелу 1 шілдеден бастап қабылданатын болады.