Түркістанда 5 жасар бала мен ер адам суға кетті

357

7-ші маусым күні сағат 19:20 шамасында Түркістан қаласы Үшайырық ауылының маңындағы Сырдария өзеніне шомылуға келген 37 жастағы ер адам және 5 жасар бала суға батып кеткен.

Құтқару қызметіндегілер сағат 20:45-те оқиға орнына 1 арнайы техника мен 1 жүзу құрылғысын, жеке құрамнан 5 адам жіберген. Суға кеткендердің 20 — дан астам туысы да іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

8 — ші маусымға қараған түні сағат түнгі 1:30 шамасында суға кеткендердің туыстары 2013 жылы туған баланың денесін тауып, судан шығарып алған. Таңғы 5 — тен бастап 1981 жылы туған ер азаматты іздеу жұмыстары қайта басталған.

ОҚО ТЖД шомылу маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, рұқсат етілмеген дерлерде шомылмауды ескертеді.