Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Сарыағаш ауданындағы БАҚ өкілдері сый құрметке бөленді. Ақпарат айдынында талмай еңбектеніп жүрген тілші қауым бір марқайып қалды.

«Сарыағаш» қоғамдық-саяси газеті бас редакторы Балықбаев Кеңес Отарұлының зейнетке шығуы да қоса тойланды. Аудан әкімі Қ.Абдуалиев барша ақпарат қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жедел әрі шынайы ақпарат таратып, елдің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбектерін елеп, арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Аудандық газетте талай жыл еңбек еткен Кеңес Отарұлы қаламы қарымды біршама тілшілердің тәрбиелеп шығарған тәлімді ұстаз да. Аудан әкімі Кеңес Отарұлына ауданға сіңірген еңбегі үшін алғысын білдіріп, автокөлік кілтін табыстады