Белгілі кәсіпкер «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне автокөлік сыйлады

35

Атымтай жомарттығымен елге белгілі болған кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау қазақы рухты оятқан “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмінің режиссері Мұрат Есжанға темір тұлпар тарту етті.

Айтулы жаңалықты Бурахан Даканов өзінің Facebook парақшасында жазды. Солтүстік облыстарды қазақыландыруға атсалысып жүрген Б. Даканов сыйлықты өзі алғандай қуанғанын жеткізді.

«Оян Қазақты» түсіріп, біршама Қазақты оятып жіберген Мұрат Есжанға көлік сыйланған сәт. Мәкеңе бірінші сыйланғандықтан мен көрермен арасында тұрған ем, өзіме сыйланғандай қуанып, айғайлап жібердім. Мәкең шіркін лайық азамат қой. Осы «Оян Қазақты» Петропавлда көрсетуге ат салысқанымызды, рейтингіні көтеру үшін жүзден астам балаға билет алып, тегін көрсеткеніміз, осы филмнен кейін Петропавлдың бір көшесіне Міржақыптың аты берілмек боп жатқаны есіме түсіп, сый таратудан кейін қолын ризалықпен қысып қысып жібердім Мәкеңнің», деп жазды Б.Даканов.