Қонақтың ақшасы қолды болды

601

Жуырда Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне қала қонағы арызданған. Онда сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүрген уақытта, банкоматтан шешіп алған ақшасын шалбарының артқы қалтасынан 25.400 теңгені жасырын түрде белгісіз тұлғалар ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.