Доллар қымбаттап жатыр

349
sputniknews.kz

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап жатыр, кейбір ақша айырбастау орындары долларды 363 теңгеге сатуда
Валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 360-363 теңгеге сатылып жатыр.

Kurs.kz сайтында бірқатар ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының құны 360-362 теңгеге жеткен, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ұлттық банктің 11 тамызға бекіткен бағамы — бір доллар үшін 356,8 теңге.
Айта кетейік, жұма күні теңге өзінің антирекордын тағы да жаңартты. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша теңге 356,80 теңгеге дейін құлдырап кетті.
Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Иван Марчена қазақстандық валютаның құлдырауын болжаған еді, өйткені рубль әлсіреп, мұнай арзандап жатыр.