Көлік отқа оранды

424

Шымкентте тағы да көлік өртенді. Бұл жол Республика даңғылының бойында «Ауди 80» маркалы автокөлік өртке оранды. Жасы 80-нен асқан қарт кісі не болғанын өзі де түсінбей қалған. Айтуынша көлікті басқарып келе жатқанда адамдар тоқтаңыз деп бұйырған.

Көліктен түскенінде қозғалтқыш бөлігінен от тұтанғанын байқаған. Темір тұлпарының тұтанғанын көріп, қарт кісі есеңгіреп қалыпты. Қайта басқа адамдар көлікті сөндіруге әрекет жасап, өрт сөндірушілерге уақытылы хабар берген.

«Мен өзім түсінбей қалдым. Көлікті тоқтатып қарасам көк түтін жайылып кетті. Судың температурасына қарасам 95 — тен аспаған екен. Алдын қысқа тұйықталу мүлдем болмаған. Ақау жоқ сияқты еді. Көлігім жанып кете жаздады. Көмек көрсеткен адамдарға және өрт сөндірушілерге алғысымды білдіремін» дейді қарияның өзі.

Көлікті жүргізушіден бөлек басқа адам болмаған. Өзгелер атсалысып, көліктің толық жанып кетуіне жол бермеген. Қуанышқа орай зардап шеккендер тіркелмеді. Қазір автокөлік неден өртенгені анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 1 арнайы техника, жеке құрамнан 6 қызметкер жұмылдырылды.

Ернар Балабеков