Үйдің жартысын бұзып кеткен автобус орнынан алынды

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4k9M5w04NFA[/youtube]

Кінәлі жүргізуші көршісі екен. Қарасу ауылындағы автобус кіріп кеткен үй жөнделе бастады. Естеріңізге салсақ, осыдан бір апта бұрын Ауди автокөлігі мен Алматы бағытындағы автобус соқтығысып, автобус Жібек жолы бойындағы үйдің жартысын бұзып-жарып кіріп кеткен еді. Қазір үй қожайындарының көңілі орнына түсе бастағандай. Өйткені, кінәлі тарап барлық шығынды өз мойнына алып, жарамсыз болып қалған 2 бөлмені ретке келтіруге, еуроүлгіде жөндеуге уәде беріпті.

автобус

Автобус

автобус

автобус

 Гүлжан Қауымбаева, үй иесі: «Екі бөлме жарамсыз болып тұр. Арғы бөлмелерде жатуға болады. Бала-шағамның жартысы – екі қызым көршімнің үйінде жатыр мына бөлмелер біткенше. Бірақ, әкімнің келіп, көмек беремін дегенін көргем жоқ. Көңіл сұрап келіп жатқандар бар. Рахмет.»

автобус

автобус

Екі кештің арасында орын алған оқыс жағдай кезінде автобус ішінде 32 жолаушы болған еді. Олардың 14-і зардап шекті. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Жәбірленуші тараптың енді жоғары жақтан бір өтініші бар. Ол жүргізуші ес тоқтатып, жан-жағын бағамдамайынша, оған көліктің тізгінін бермесе екен дейді.

автобус

автобус

автобус

автобус

автобус