Úı Oqys oqıǵa Комбайн өртеніп кетті

Комбайн өртеніп кетті

Өрт оқиғасы Төле би ауданында тіркелді. Жиналған астық өнімдері мен қоса комбайн  қызыл алау астында қалды. Әлішер Науаи ауылындағы болған өртте шаруашылық құрылысының шатыр жаппасы, гараж ішінде «Fortscritt E-303» маркалы комбайн, жиналған 3 тонна шөп, жапсарлас соғылған дүкен және сарай қызыл жалынға оранған.

Жаңдан соғылған және әлі іске қосылмаған дүкен толығымен жанып кеткен. Өрттің жалпы көлемі 272 ш.м. құраған. Өрттің беті сағат 16:55-те қайтарылып, сағат 20:35-те толығымен сөндірілген. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Қасымхан Хамытбек