Темірланда балабақша өртенді

590

25 желтоқсан күні 12:46-да Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы «Аққу» балабақшасы өртенгені туралы хабарлама түсті.

Екінші қабаттағы балабақша меңгерушісінің кабинетіндегі жиһаз өртеніп, 8 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенше балабақшадан 168 бала сыртқа шығарылды.

Өрт 13:00-де ауыздықталып, 13:25-те сөндірілді. Өрттен қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 көлік қатысты, деп хабарлайды Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
.