Найб мүфти мешіт имамына баспана кілтін табыстады

452

 Түркістан облысы, Жетісай қаласына ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапар аясында найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов көп жылдардан бері мешіт саласында қызмет етіп жүрген 6 баланың әкесі, қалалық «Нұр-Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нурматовқа баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша баспасөз қызметі.

Найб мүфти өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қайырымдылық шараларына белсене ат салысқан мешіт жамағатқа алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне көрімдік ретінде ретінде газ плитасын сыйға тартты.

Айтулы шараға аудан имамы Б.Сыздықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаевтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Баспанасы құтты һәм берекелі болғай!