Түркістанда үш отбасыға баспана сыйлады

Түркістанда үш отбасыға демеушілер үй сыйлады. Баспана әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж деп танылған отбасыларға табысталды. Асханасымен және шомылу бөлмесімен қамтылған үш бөлмелі әр үй электр желісіне, табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосылған.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – ең өзекті әрі маңызды мәселе. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жақсылыққа толсын. Шын жүректен құттықтаймын!” – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Тұрғындардың қуанышына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ортақтасып, ізгі тілегін білдірді. Қуанышты сәтте тұрғындар осы игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жеткізді.
Айта кетейік,Түркістан қаласында 17 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр.