Шымкент зообағында түйеқұстың төлі көбеюде

593
oninfo.kz

Шымкент зообағында аң құстардың қатары толығуда. Инкубаториялық бөлімде алты бірдей түйеқұстың балапаны жарып шықты. Оның барлығы да африкалық түйеқұстың балапандары.

Бұдан бөлек, инкубаторияда тауыс, қырғауыл және де басқа құстар жұмыртқалайды. Негізінде зообақтар арасында келісімшарт бойынша аң, құстар алмастырылатыны белгілі. Әзірге түйеқұстардың алмастырылатындығы туралы нақты шешім жоқ. Ол құстар өскен соң барып қана белгілі болмақ.

Балапан құстар айналдырған бір екі жылда 2 метрден де биік боп өседі.
Бүгінде инкубаторда тағы 6 жұмыртқа бар. Жалпы зообақта 5 дана түйеқұс мекендеуде. Оның жұмыртқасы ірі, салмағы 1,5 келіге дейін жетеді.