Судьялар шешендік өнерден сабақ алды

453

Шымкентте судьялар шешендік өнер сабақтарын оқыды. Екі күн бойы жаңа форматта сот актісін әзірлеудің дағдыларын меңгеруге тырысты.

ҚР Жоғарғы Соты мен Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен «Ел тірегі» қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған бұл семинарға Шымкент қалалық, Түркістан облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

«Сот шешімдері мен қаулыларын, үкімді жалпақ тілде тараптарға таныстырып, сот процесін жүргізуде шешен сөйлеуде семинардың себі мол» десті қатысушылар. ҚР Жоғарғы Сотының судьялары мен шешендік өнер тренері даулы жағдайларды тиімді шешудің құралдары мен тараптарды дұрыс шешімге келтіру тәсілдерін үйретіп бақты. Бұл заман талабы дейді ұйымдастырушылар.

Жанар Есенбекова