Түркістан облыстық ішкі істер департаментінде бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды Түркістан облысы Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы болып полиция майоры Құрманбек Сахов тағайындалды.
Түркістан облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев басқарады. Түркістан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Сәкен Қожамұратов тағайындалды.