«Оңалту түрмесі» жобасы жандануда

571

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп бітуге таяғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы қолға алынған. Шымкенттегі ИЧ-167/2 мекемесінде бүгін дәл осы жоба аясында іс шара өтті.

Жаза мерзімі аяқталуға бір жыл қалған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету басты мақсат. ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде бұл шара биыл осымен екінші рет өткізілуде. Мамырда өткен шара нәтижесінде екі сотталған азаматқа нақты көмек көрсетілген болатын. Бірі тұрақты жұмысқа орналасса, баспанасызын оңалту орталығына жіберілген еді.

Түрмеден шыққандарға құқықтық әлеуметтік қолдау көрсету үшін жергілікті әкімдікпен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейміз дейді түзету мекемесінің басшылығы. ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде 676 ауыр және ауыр санаттағы қылмыс жасағандар жазасын өтеуде. Оның он шақтысы бостандыққа шығуға таяғандар.

Айбек Тәңірбергенов, ИЧ 167/2 түзеу мекемесі басшысының орынбасары: «Біз жазасын өтеп шыққандарға барлық жағынан жан – жақты көмек көрсетуге тырысамыз. Баспанасы жоқтар арнайы оңалту орталықтарына жіберіледі. Тұрақты жұмыспен қамту немесе өз кәсібін ашам дегендердің де тілегі қанағаттандырылусыз қалмайды».

Жанар Есенбекова