Астананың «Жастар театры» Шымкентте

441

Астананың «Жастар театры» Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Елордалық қонақтар алғашқы қойылымы Ульям Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын» сахналап үлгерді.

Енді «Жастар театры» 5-ші қазанға дейін күн сайын орыс драма театрының сахнасында түрлі туындыларымен қуантпақ. Оның ішінде жаңа қойылымдары да бар.

Атап айтқанда, бүгін сағат кешкі 19:00-де Б.Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» сахналық повесін орындайтын болады. Театр сүйер қауым 3 күн бойы Ғабит Мүсіреповтың «Жібек» мюзиклі, Левидің «Жер мен Көктің арасы» мелодрамасын тамашалай алады.

Ал жас бүлдіршіндер үшін «Золушка» музыкалық ертегісін ұсынады. Айта кетейік, Астананың төл перзентінің тартуы Елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Ендеше, Шымкенттіктер, күн сайын 19:00-де орыс драма театрының есігі сіздер үшін ашық!

Әлия Әділбек