Шымкентте білім беру саласына қатысты талап-тілектерге арналған call-орталық құрылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан былай білім беру саласына арыз-шағымы немесе өтініш-тілегі бар тұрғындарға бұрынғыдай өтініш жазып, әкімдікке немесе халықтық кеңсеге барудың қажеті жоқ. Ата-аналар енді 39-49-26 нөміріне хабарласа алады. Сall-орталықтың мамандары балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыру, білім берудің сапасы және тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, ешқандай өтініш жауапсыз қалмайды, әр қоңырау автоматты түрде жазылып отырады. Бұл қадамда қызмет көрсетудің сапасын арттыруға арналып отыр.