Өңірде, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен екі жақты келісімге қол қойды.
Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Назар Текстиль» ЖШС-і 2 млрд. 800 млн. теңгені, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-і 4 млрд. 480 млн. теңгені және «Tumar Textile» ЖШС-і 164 млн. теңгені құрайтын Инвестициялық жобалар.
Осымен Департамент жалпы 9 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 27 млрд. 768 млн. теңгені құраған.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керектігін атап өтті.
Осыған байланысты, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалған.
Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.