Арзан сөзі архаизмге айналып бара жатқандай. Соңғы әлетте арзандады дегенді естімейтін болдық. Керісінше қымбаттады деу әншілердің сөзімен айтқанда «хитке» айналды. Бүгін азық-түліктің ең өтімдісі қымбаттаса, ертең тағы бірі қылтиып шыға келеді.
Сонымен… Елімізде бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 4,7 пайызға қымбаттады. Ақтау, Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларында қымбатшылық байқалады. Мұнда ұн, ет, сүт және теңіз өнімдері, сондай-ақ жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, жеміс-жидек құны аспандап кеткен.
Өткен айда елімізде жылқы еті 2%-ға, лимон — 7,1%, қант — 3,6%, жұмыртқа 7%-ға қымбаттаған болатын.