7 ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

39

Түркістан облысының полицейлері 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Түркістан облысының аумағында Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция инспекторлары 2018 жылдың 2 мен 4 қараша күндері өткен «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.

Аталған іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, күзгі демалыс кезінде жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің қадағалауынсыз жүруі мен оларға алкоголь мен темекі өнімдерін сату жайттарын анықтау болып табылады. «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына 500-ге жуық полиция қызметкерлері, прокуратура, білім саласының өкілдері және ата-аналар комитеті және БАҚ өкілдері қатысты. Олар компьютерлік клубтар, кафелер, дүкендер, басқа да қоғамдық орындар мен көшелерді тексерді.

Іс-шара барысында ювеналды полиция инспекторлары 304 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, полиция бөліміне 356 жасөспірімді жеткізді, олардың 295 әртүрлі құқықбұзушылық жасаған. Атап өтсек, полицейлер үлкендердің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмаған 277 баланы және ойын сауықтыру орталығында түнгі 23.00-ден кейін жүрген 9 жасөспірімді анықтаған. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 3 жасөспірім жеткізілді. Полицейлермен 7 ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың жүруіне жол берген 6 ойын-сауық орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімдерін сатудың 3 жайты анықталды. Тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылық жасаған 3 жасөспірімді және қоғамдық орында мас күйінде жүрген 1 кәмелетке толмаған баланы ұстады.

Профилактикалық есепке құқықбұзушылыққа бейім 48 және жайсыз отбасыларға жататын 31 жасөспірім тіркеуге алынды. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандар ісі мен олардың құқын қорғайтын комиссияға қарау үшін 18 материал жіберілді, олардың 2-еуі ата-ана құқынан айыру болып табылады.