Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша жаза күшейді

38

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын «агрессорларды» заң бойынша үйінен шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр. 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады.

Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды. Яғни, 1 шілдеден бастап тараптарға сотта бір рет қана татуласуға болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейді. Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды.

19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру қылмысын жасауға байланысты жекелеген баптарға біліктілік белгісі енгізіледі. Бұл белгі «Кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» деп танылады. Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.