Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушi тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28
фото Егемен.кз

Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы көлiк құралын басқару құқығынан айрылған бола тұра, 2024 жылғы 18 қаңтарда көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы бойында көлік құралын басқарған.

Бұған дейін, ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша сот қаулысымен 2024 жылдың 15 тамызға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған сот қаулысы заңды күшінде. Әкімшілік іс жүргізудің қатысушысын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот төмендегі тұжырымға келді.
Сол себепті сот, ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігінде көзделген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 692*50 АЕК) 184 600 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жазаны қолдану дұрыс деп санады. Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай (184 600 теңге – 30% = 129 220 теңге) қысқартты.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 129 220 (бір жүз жиырма тоғыз мың екі жүз жиырма) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Айыппұл ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс екендігі түсіндірілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.