Коммуналды қызмет көрсететін монополистердің жұмысына көңілі толмаған шымкенттік тұрғындар бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің өңіріміздегі департаментіне жиналды. Қолдарына түбіртек ұстаған жерлестеріміздің басым бөлігі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның әрекетіне өкпелі екенін жеткізді.
Айтуларынша, ең қымбат тариф осы мекемеде бола тұра, есептегіш құралдарындағы көрсеткішті асырып жазу әдетінен арыла алмай отыр. Ал тұтынушылар болса, аяғынан тозып жазылған ақпараттың қателігін дәлелдеумен әлек. Олар бір жыл бойы жалғасып келе жатқан осы жүгенсіздікке тосқауыл қоятын құзырлы мекеменің болмағанына реніштерін білдірді.
Нұрлан Күдерұлы