Компаниялар әрбір екінші пәтерді жасырын схема бойынша сатады

136

Құрылыс саласында әділ бәсекелестік жоқ. Ірі компаниялар нарықта монополистке айналған. Мәселен, елордада жүріп жатқан құрылыстың 60 пайызы бір холдингтің үлесінде. Сәйкесінше, нарықтағы бағаны да осы жетекші компаниялар белгілейді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда кейінгі бес жылда елде баспана бағасының жылдық индексінің өсуі 12 есе көбейген. Үлескерлерден қаржы тарту бойынша да былық көп. Яғни, әрбір екінші пәтер жасырын схема бойынша сатылады.

Ірі компаниялар, құрылысты жүргізбесе де пәтерді сату кезінде бренд атын пайдаланады. Бұған қоса қарапайым халыққа таңдау құқығын бермей, интернет, кабелдік теледидар мен келісімшарт жасап, паркинг сатып алу бойынша талап қояды.

Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін агенттік үкімет отырысында заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізіп, кешенді шаралар әзірленетінін айтты.

Шынар Оразова