«Оңтүстік Жарық Транзит» электр қуатын жоғалтпаудың жаңа жүйесін енгізді

Жаңа жүйе осы күннің өзінде Шымкенттегі 10 трансформаторға қойылып үлгерілді
Жаңа жүйе осы күннің өзінде Шымкенттегі 10 трансформаторға қойылып үлгерілді
Жаңа жүйе осы күннің өзінде Шымкенттегі 10 трансформаторға қойылып үлгерілді

Электр жарығын үнемді пайдаланып, жоғалуларды азайтып, тіпті жою керек. «Оңтүстік жарық Транзит» компаниясы өз алдына осындай міндеттеме қойып, коммерциялық негіздегі автоматты есептеу жүйесіне көшуді бастады. Осы жобаның арқасында мекеме ұжымы жыл сайын 20 млн. теңге шамасында қаржы үнемдейсіз деген сенімде.

Шығынды бақылау үшін жүйеге инновациялық технологияларды ендіру ісін «Оңтүстік жарық Транзит» мекемесі жайдан жай бастаған жоқ. Өйткені, электр қуатының жоғалуын азайтатын бірден бір жол осы. Сондықтан да электр энергиясының коммерциялық есептегішіндегі автоматты жүйесі – ең проблемалы деген аймақтарға орнатылады.

Родион Ким, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жоба жетекшісі: «Біздің компания бұл жұмыстардың барлығын өз есебінен жүргізіп жатыр. Сондықтан абоненттерге бір тиын да шығын келмейді. Егер абонентке шағатын болсақ, әрбір есептегіш құралға орнаталып жатқан құрылғыға шамамен 50 мың теңгеден келіп жатыр. Өзіміздің есебімізше, бұл жұмыстардан соң, жыл сайын 20 млн. теңге үнемдейміз деген ойдамыз».

Абоненттердің жеке есептегіш құралдарына ешкім де тиіспейді дейді мамандар. Тек, құрылғыға қосымша ретінде «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандары арнайы аппарат орнатады. Яғни бақылаушыларға есептегіш құрылғыдағы көрсеткішті көру үшін сенделудің қажеті болмайды.

Владимир Тарасов, жүйелік әкімші: «Электр қуаты туралы барлық ақпарат модем арқылы осы серверге келіп түседі. Бұл жерде біз кімнің қанша электр қуатын жаққанын біліп, жалпы балансты көріп отырамыз. Тәуліктік шығындарды есептеп, жалпы оның есептегіш құралы жұмыс істей ме жоқ па, қадағалайтын боламыз».

Жаңа жүйе осы күннің өзінде Шымкенттегі 10 трансформаторға қойылып үлгерілді. Есептегіштегі көрсеткішті көрудің жаңа жүйесі биыл негізінен Түркістандағы бекеттерге орнатылатын болады. Мамандардың сөзінше, өйткені бұл аймақ электр қуатын жоғалтудың ең ірі өлкесі болып тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZUFq-L_3w5M[/youtube]