Назарбаев Ерұлан Жамаубаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтіне сілтеме жасаған Nur.kz.

Бүгін Елбасы Ерұлан Жамаубаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындаған.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», — делінген президент жарлығында.

Сондай-ақ, Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан президентінің көмекшісі қызметінен босатылған.