Шымкентте Елбасының құрметіне көрме ашылды

799

Шымкентте, 1-желтоқсан — Тұңғыш Президент күнін атап өту басталып кетті.

«Елбасы даланың ұлы тұлғасы». Осындай атаумен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде іс-шара өтті. Мұнда өлкеміздің өркендеп дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері жиналған. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарында атқарған еңбектерімен қатар, жеткен жетістіктері жөнінде сөз қозғады.

Кездесу барысында Елбасының соңғы жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы да талқыланып, ондағы аталған бағытты айғақтайтын құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, Президентіміздің өмір жолын бейнелейтін арнайы көрме де жасақталған. Жастолқын бұл көрмеден Мемлекет басшысының отбасымен түскен, сирек кездесетін суреттерін де тамашалады.