Шымкентте коммуналдық төлемдерді арзандатуға құлықты еместер жазаланбай ма?

325

Монополистердің халықты тонауға бағытталған бағасын ауыздықтайтын кез келді. Президенттің қатаң сынынан кейін коммуналдық тарифтерді бетімен жіберген шенеуніктер жазасын алып бастады. Осыдан кейін ғана, шымкенттік монополистер қимылдап, есеп беріп, тарифті қайта қарауға уәде етті.

Бұл дегеніңіз төлемақы арзандайды деген сөз емес. Десе де басқа елдерден қымбат көгілдір отын тұтынып, арзан емес су ішіп, жарық жағып келеді екенбіз. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен тариф белгілеу мәселелері бойынша өткен жиналыста мәлім болды.

Халықтың қалтасын қағып, артық төлемін алып отырған алпауыт мекеме басшыларының қалай ақталғаны күлкілі көрінгені де рас.

Мұнысы түсінікті де, Алматы қаласы газ сатып алатын Өзбекстаннан алшақ орналасқан. Ал Шымкент жап-жақын. Яғни, тариф бұдан екі есе арзан болуы керек. Осы мәселені тұрғындар талай рет көтерді. Бірақ селт еткен монополистер болмады. Елбасының сынынан кейін сең қозғалып, дүрлігіп жатыр.

“Шымкент қаласында судың бағасы да қымбат” дейді мамандар. «Су ресурстары маркетинг» мекемесі басшылығының айтуынша, тұтынушыларға есептеуіш құралдар қойылған, есесіне әр тұрғын 200 теңгеден артық ақы төлемейді. Десе де жаңа жылға дейін тарифті қайта қарауға уәдесін берді.

Анарбек Орман, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің директоры: «Біз әрқашанда Елбасының бастамасын қолдаймыз. Сондықтан да жыл соңына дейін бағаны төмендетуге уәде береміз”.

“Қала әкімі Ғабидола Әбдірахымов әрине түсіністікпен қарағаныңызға рахмет өзге мекемелер де тарифті жылдың соңына дейін қайта қарауы тиіс” десті сала мамандары.

Қалалықтарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік жарық Транзит» мекемесінің тарифі де төмен емес. Жарық бағамы бойынша, шымкентіктер 8 — орында тұр. Осындай мәліметтерді жария еткен, монополистер барлық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерде тариф мәселесіне қатысты тексеру жүргізетінін жеткізді.

Жиында жоғарғы оқу орындарының төлемақысы, медициналық қызметтің құны, жолақысы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі де қаралды. Сала мамандары баяндама жасағанымен, ақысын арзандатамын деген біреуі болмады.

Нұрлан Күдерұлы