Шымкентте Әуезовтың ескерткіші ашылды

1276

Бүгін, М. Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимаратының алдында қазақтың заңғар жазушысы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазак ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ескерткіші ашылды.

Университеттің 75 жылдық мерейтойы аясындағы жиынға ҚР Білім және ғылым министрі, облыс пен қала әкімдері, білім ордасының профессорлар қауымы мен шәкірттері, студенттер қатысты. Салтанатты шараға М.Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығының аға қызметкері, ұлы тұлғаның немересі Дияр Қонаев, Өзбекстанның жазушысы, профессор Калдыбек Сайданов арнайы бұрылған-ды.

Дияр Қонаев, М. Әуезов тың немересі

Дияр Қонаев, ғалым : «Керемет тарту. Мұны Әуезов үйі ғылыми-мәдени орталығының  ғалымы және Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың немересі ретінде жылы қабылдадым. Бізде Ұлы тұлғаның көптеген еңбектері,  фотосуреттері сақталған.  Және де орталықта жазушының Оңтүстік өңірі жайлы аяқталмаған дүниесі де бар. Түркістан,Шымкент,  ОҚМУ жайлы жазған мақалалары да көп. Біз өз тарапымыздан университетте атқарылып жатқан жұмыстарға  қанықпыз».

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Сонымен қатар, білім ордасында «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Онда көптеген ққнды дүниелер мен жәдігерлер жасақталып отыр.

Шынар Оразова