Шымкенттегі мешіттерде есепшілер қызмет көрсететін болады

599

Шымкент қалалық орталық мешітіне қала аумағындағы 104 мешіт қарайды. Бүгінде тағы 10 мешіт салынып жатыр. Осыған дейін облыстық мешіт болып келген Алланың ақ үйі енді «Халифа Аль Нахаян ақ мешіті» деп аталады.

Бүгін оның басшылығы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды зерделеп, есеп беру жиынын өткізді. Атқарылған жұмыстар өте көп, дегенмен, әлі талай шешілуі тиіс тұстар бар. Жамағатпен жұмысты ширату керек. Сондай-ақ, имамдар қаржыны үнемдеу мәселесіне ерекше тоқталды.

Осы жиында белгілі болғанындай, енді шаһардағы мешіттерге 5 есепші қызмет көрсетеді. Дәлірек айтқанда, қаржының барлығы орталықтандырылады. Мұның мақсаты – мешіттерде қаржыландыруды жүйелеу. Алла үйінде білікті қариларды даярлау, құран жарыстары және діни рәсімдерге байланысты да бірқатар шаралар ұйымдастырылып келеді.