Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотында оралдық науқас баланың отбасын алдап кеткен алаяққа қатысты сот отырысы басталды. Сирек кездесетін «хрустальді сырқат» диагнозымен ауыратын баланың ата-анасына шымкенттік тұрғын хабарласып, ем домына көмектесіп, айықтыруға уәде берген. Тіпті танымал дәрігердің атын жамылған.
Шымкентке Оралдан арнайы шақыртып алып, қалталарындағы емге деген бар қаражатты қағып алып, тақырға отырғызып кеткен болатын. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қолға түсірген. Оралдық сегіз жасар Әділханның еміне деген ақшасын қағып алып, алаяқтық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты сот процесі біздің редакция бақылауында болады.
Жанар Есенбекова