Ірі кәсіпорын 170 млн. теңге салық төлеуден жалтарған

143

Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңге  мөлшерінде салық төлеуден жалтарған. Серіктестік басшысы тергеу изоляторының мердігерімен құрылыс материалдарын жеткізу туралы жалған келісімшарт жасасқан.

Іс жүзінде қызмет көрсетілмей, тауар тиелмей, жалған шот-фактура толтырылған. Құрылыс та тоқтаған. Мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпорын басшысы 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Шынар Оразова