Ватсап және мессенджер әлеуметтік желілеріне қоғамдық орында күш қолдану көріністері бар видео тарап кетті. Және ол видеоның Түркістан облысы аумағында, яғни, Қарабұлақ ауылында түсірілген деген ақпарат та лезде желдей есті.
Аталған жәйт бойынша Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі фейсбук парақшасында былай деп мәлімдеді.
«Аталған жәйт Өзбекстан Республикасының аумағында орын алған және Түркістан облысына мүлдем қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз. Түркістан облыстық полиция департаменті азаматтарға шындыққа жанаспайтын мәлімет тарату ҚР ҚК — нің 274 бабы бойынша, яғни, «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылу көзделгенін ескертеді».
Жанар Есенбекова