Дәрігерлер бірегей операция жасап, жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін құтқарып қалды

470

Осыдан бірнеше күн бұрын Шардара ауданының тұрғыны, 1990 жылы туылған Жансая Дүйсенова жедел жәрдем арқылы аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Ол жақта жергілікті дәрігерлер әйелден жедел деструктивті аппендицитті анықтаған.

Соқыр ішегі жарылып кеткен аяғы ауыр әйел ауыр халде санавиация желісі бойынша тікұшақпен Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің дер кезінде көрсетілген көмегінің  арқасында ана мен баланың өмірін аман алып қалған.

Ауруы асқынған ананың жатыры іріңдеп, науқастың ішек аймағын қозғаған. Әдетте мұндай жағдайларда жатырдың өзі де, ұрығы да жойылады, себебі патология науқас үшін үлкен қауіп төндіреді, дейді дәрігерлер.

“Жіті іштің диагнозымен және жүктіліктің 37 аптасы бар болған жағдайда келіп түсті. Жүкті әйел үшін, кез — келген ілеспе патология өмірге қауіпті. Бұл жағдайда әйел ауыр хирургиялық патологиямен, перитонитпен жеткізілді. Шұғыл түрде оған ота жасалды1, — деді облыстық клиникалық аурухананың хирургия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Елдос Сұлтанов.

Дәрігерлер баланы құтқару үшін кесар тілігін жасауға тура келген. Бірнеше сағат бойы дәрігерлер инфекцияның көптеген ошақтарын қатар алып тастай отырып, іріңді бөліп алды. Нәтижесінде тек ананы сақтап қана қоймай, баланы – да аман алып қалды.

ОКБ жоғары деңгейдегі дәрігерлердің оперативтік араласуының арқасында ана мен баланың өмірі қазір қауіпсіз. Емдеу жалғасуда.