Электромобильдер тіркеу алымынан босатылды

376
kolesa.kz

Қырғызстанда аталған жеңілдік 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұл ретте, гибридті көлікті тіркеу не қайта тіркеу барысында өзге көліктермен салыстырғанда 50 пайызға кем алым алынатынын ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіркеу қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқа көліктердің иелеріне көлік құралын бастапқы тіркеу барысында темір тұлпардың құнынан 5 % көлемінде, ал қайта тіркеу барысында 0.3 % мөлшерінде төлем жасауға тура келеді. Ал дәл қай соманы төлеу қажеттігін Көлік құралдарын және жүргізушілер құрамын тіркеу департаменті нарықтағы орта бағаға сүйене отырып анықтап, одан кейін ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу агенттігімен келісе отырып бекітетін болады.

Қырғыз шенділері механикалық көлік құралдарын бағалаудың жаңа тарифтік кестесі 2019 жылы жалпы өзгермегенін және бастапқы тіркеу не қайта тіркеу барысында төленетін ақы 2018 жылғы деңгейде қалғанын атап өтті.

kolesa.kz