Шымкентте түнгі клубқа келген жігітті тонап кетті

419

Бүгін таңғы 5:00 шамасында «Колос» дүкені маңайында жас жігітті тонап кетті. Зардап шегушінің айтуынша ол түнгі клубтан шыққанында әлдекім келіп одан телефонын беруін талап еткен. Әрі тапаншаман қорқытқан.

Ол қарсылықсыз телефонын қолына ұстатқан. Оның түнгі клубқа қайтып оралып, полиция шақыртпағаны жұмбақ күйінде қалып отыр. Дәл осы уақытта тәртіп сақшыларының 777 автоэкипажы жолай кетіп бара жатқан болатын. Тоналған жігіт экипажды тоқтатып, көмек сұраған. Оқиға орнына 788 және 783 автоэкипажы келді.

Айналаны шолу барысында «Жигули» автокөлігі көзге түскен. Тонаушы дәл осы көлікте қолға түсті. 20 жастағы ұры телефонды қайтарып бермек болғанын, жәй ғана қорқытқанын айтып ақталды. Тінту барысында қару табылмады. Тергеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында зардап шегуші де, тонаушы да Абай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Ал «Жигули» жүргізушісі өзін жалданған такси екендігін, оқиғаға ешқандай қатысы жоқтығын алға тартты.