Бүгінгі таңда бизнесте адами капиталды дамыту басты мақсат болып отыр. Яғни, оның шығындарын мемлекет өтейді. Ол жеке мектептер, оқу орталықтары мен тәлімгерлік мектептер қатарын көбейту жоспары тұр.
2017 жылдан бастап «Атамекен» кәсіби дайындық жобасы мен техникалық және қызмет көрсету салаларының жұмысшыларын дайындау, олардың біліктіліктерін арттыру сәтті жүзеге асырылуда. Кәсіпорын базасындағы оқу орталықтары жұмыс берушілерге өздерінің қажеттіліктері мен сұраныстарына сәйкес қажетті кадрларды «өздері үшін» таңдап алуға және оқытуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы бойынша 6 оқу орталықтары бар. Осы орталықтарда 2 жыл ішінде 943 адам білім алып, оның ішінде 749-ы жұмысқа орналастырылды.
Мұндай орталықтарда оқытуды мемлекет субсидиялайды: республика бойынша бұл бірыңғай сома — 46 мың теңге, оның 30 мың теңгесі – оқуға, ал 16 мың теңгесі — стипендия. Оқу мерзімі — 1 айдан 6 айға дейін. Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар мен жұмыссыздар қатыса алады.
Аталмыш орталықта білім алуға ниеттілердің қатары жылдан жылға артып келеді. Өйткені жұмыссыз жүрген жастар тегін білім алып әрі тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл әрине зор мүмкіндік.