Úı Jańalyqtar «Виртуалды сот» арқылы 2,5 млн. теңге өндіріп алды

«Виртуалды сот» арқылы 2,5 млн. теңге өндіріп алды

Арыс аудандық сотында «моральдық залалды өндіру туралы» азаматтық іс виртуалды түрде қаралды.

Жауапкер А.П. талап қоюшы К.Ф.-ның ұлын қасақана өлтіріп, 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын Шымкент қаласындағы ТК – 167/2 мекемесінде өтеуде. Талап қоюшы қаза болған ұлының өзінің жалғыз асыраушысы болғанын көрсете отырып, жауапкерден 15 000 000 теңге моральдық залалды өндіру туралы сотқа арыз түсірген.

Сот отырысы ТК-167/2 мекемесінде жазасын өтеуші жауапкер А.П.- мен интернет жүйесіндегі «Skipе» бағдарламасы арқылы жүргізілді.

Соттың шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер А.П.- дан талап қоюшы К.Ф.- ның пайдасына 2 500 000 теңге моральдық залал өндірілді.

 

«Виртуалды сот» жүйесімен таныстыру және оны жандандыру мақсатында өңірде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары  жүргізілуде.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі