«Алғыс айту күні» көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мерекелік дастарханнан сыбаға үлестірумен бастауын алды.

Алғашқы алғыс сөздер ақ жаулықты аналарға арналды
Алғыс айту күнінің алғашқы күні аналарға құрмет көрсетілді

1-ші Наурыз — Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа сипаттағы әрі жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шараларды бекітті. 22-ші ақпанда «Қайырымдылық акциясынан» бастауын алатын шара  22-ші ақпанда «Тазалық», 24- ақпанаға — «Көршіге ізет», ақпанның 25-не «Ұстазға құрмет», 26-на-«Тарихқа тағзым», 27-ші ақпанда «Ықылас күні», 28 ақпан «Ұрпақтар сабақтастығы» күнімен жалғасып, 1-наурызда  Алғыс айту күнімен қорытындыланады.

Татулығы жарасқан этно-мәдени орталықтардың басшылары

Қаладағы этно-мәдени орталықтардың басшылары  бүгін іс — шара аясында қазақ халқының салт — дәстүрін жаңғыртып, ардагерлерге, көпбалалы аналар мен  жас отбасыларға  сыбаға тарту етті.

Шынар Оразова