Бұрынғы облыс депутаты бас дәрігер қызметінен босатылды

597

Шымкентте ұзақ жылдар бойы кардиологиялық орталықты басқарған бас дәрігер қызметінен босатылды. Пайғамбар жасына толған бұрынғы облыс депутатын әріптестері салтанатты түрде құрмет демалысына шығарып салды.

Астана қаласындағы кардиохирургия орталығындағында қызмет еткен білікті маман Қуатбаев Ермағамбет Мұханұлы аталған медициналық орталықтың бас дәрігер қызметіне жайғасты. Қуатбаев Ермағанбет кардиохирургия саласында айтарлықтай еңбек етіп келеді.

Атап айтқанда, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта бірнеше жыл бөлім басшысы қызметін атқарып, жүрегінде ахауы бар мыңдаған азаматқа күрделі ота жасаған. Сондай-ақ Шымкенттегі кардиологиялық орталықта бөлім басшысы болып жұмыс істеген. Сондықтан Ермағанбет Қуатбаев үшін жаңа қызметі таңсық емес.

Ал бүгінге дейін Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың бас дәрігері қызметін атқарған Спандияр Бекжігітов пайғамбар жасына толып, құрметті демалысқа шықты. Спандияр Бекжігітов ұзақ жылдар бойы медицина саласында зор еңбек еткен. Сондай-ақ, депутаттыққа бірнеше рет сайланып, халық қалаулысы қоғамдық жұмыстарда белсене қызмет еткен.