Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың есептік кездесуі басталды

347
shymkent.gov.kz

2018 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу «Түркістан» сарайында өтуде. Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали, Шымкент қаласы мәслихатының депуттаттары, қала әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысуда.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндамасында 2018 жылы қалада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Әкімнің мәліметінше, үшінші мегаполисте бірқатар ірі нысандар қайта жаңғыртудан өтті. Оның ішінде қала экономикасы үшін маңызды 2 ірі жоба бар.

Біріншісі, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтіп, оған 580 млрд теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде жоғары октанды жанармай өндірісі жылына 881,7 мыңнан 2 271 мың тоннаға дейін, дизельді отын өндіру 1 209,4 мыңнан 1 916 мың тоннаға дейін, авиациялық отын көлемі 279,7 мыңнан 400 мың тоннаға дейін артады.

Екінші, қалада «Shymkent Temir» болат өндіру зауыты іске қосылды. Жобаның құны – 5,9 млрд теңге. Кәсіпорында 440 жаңа жұмыс орны ашылды.

Шымкент қаласында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бюджетке түскен кіріс 2017 жылмен салыстырғанда 27 пайызға немесе 15,3 млрд теңгеге артып, 72,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылы бюджеттің кіріс көлемін 11,6%-ға жоғарылатып, 92,4 млрд теңге болады деп жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

shymkent.gov.kz