Түркістанда биыл «Қауіпсіз мектеп» жобасы қолға алынады

579
фото inform.kz

Еліміздің білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар ескеріліп 2018 жылы қала бюджетінің 42,5 пайызы яғни 17 млрд. теңге бiлiм беру саласына бағытталды. 2018-2019 жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа оқушы қабылдау автоматтандырылды, «Жұмыс Ситсен» жүйесі іске қосылған қысқа мерзімде 143 маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар 2 мектепте ІТ-сыныптары ашылып, мектептен тыс уақытта 230 оқушы үйірмелерге қамтылды.

Балаларды балабақшамен қамту есепті мерзімде 93,1 пайызды құрап отыр. Қала бойынша 3-6 жас аралығында 1057 бала балабақша кезегіне қойылған. 100 пайыз балабақшамен қамту мақсатында қаламызда 10 жекеменшік балабақша ашылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыстың орталығы ретінде қала аумағының үлкеюі мен халық санының өсімі ескеріліп, үш ауысымды мектептер мен балабақша тапшылығын болдырмау мақсатында қаланың Бас жоспарына сәйкес 5 типтік балабақша мен 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Осы жылы әкімшілік іскерлік аймағында Назарбаев зияткерлік мектебі мен Оқушылар сарайының ғимараты бой көтеретін болады.

Уақыт ағымына сай жасөспірімдерге тәрбие беру мәселесі күрделеніп, жаңаша сипаттарға ие болып жатқаны белгілі. Осыған орай жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында қаламыздағы Ататүрік мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз мектеп» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұған жергілікті бюджет тарапынан 30,0 млн.теңге қаралды.

Мәлімет үшін: Бұл жобаның аясында мектеп территориясында бейне бақылау камералары орнатылады. Мектептің ішінде ахуалдық орталығына бүкіл камералардан видео файлдар жинақталып, мектептегі видео файлдар автоматты түрде Ішкі Істер Депарматентінің және Қала әкімдігінің ахуалдық орталығына интеграцияланады. Мектепке бөгде адамның кірмеуі қамтамасыз етіледі. Әр оқушыға жеке карта беріледі. Баланың мектепке кіріп-шыққаны туралы ақпарат ата-анасының ұялы телефонына тікелей хабарлама болып түседі.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі