Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 10 қылмыс ашылды

68

2023 жылғы 17 мен 23-сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7859 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3431 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 10 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық – 6, тонау – 1, басқа да – 3.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1242 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 374, жол ережесін бұзған – 697, одан басқа да 171 жайт анықталды.