Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мәселелесі қаралды

46

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының «Nur Otan» партиясының депутаттары Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Рая Серікбайқызы және қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы, Түркістан қалалық прокуратурасының прокурорларымен бірігіп Бекзат мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындара арасында көптеп орын алып отырған жол, ауызсу, газ, қоғамдық көлік мәселелері сөз болды. Тұрғындар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен ұсыныстарды тыңдап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды «Әр азаматқа лайықты өмір бағдарламасын» негізге ала отырып, қаланы тұрғындарды жайлы, қауіпсіз қалаға айналдыру мәселелесі сөз болды.

Осы орайда қала көлемінде құқықбұзушылық бағыты бойынша жасалған қылмыстарға тоқталып, олардың алдын алу жұмыстары жасалғандығы жөнінде мәліметтер берілді. Сонымен қатар елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы жайлы да ой – пікірлер айтылып, тұрғындардың көзқарастары назарға алынды.