Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқандарға қатысты 6 хаттама түзілді

244

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының полиция бөлімі, Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында, 20 ақпанында Төлеби ауданында бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан қоғамдық көліктерге қатысты 6 хаттама түзілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында автовокзал, автобекет басшылары, автопарк, такси тасымалдаушы мекемелер, такси жүргізушілері жиналған мәжілісте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Асан Жұмабаев және құзырлы мекеме өкілдері жолаушылар тасымалы бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіледі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі