Úı Jańalyqtar Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Шымкент–Ташкент халықаралық велошеруі өтуде

Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Шымкент–Ташкент халықаралық велошеруі өтуде

Бүгін «Өзбекстандағы Қазақстан жылына» арналған халықаралық велошеру өтуде. Шеруді Шымкент қаласының велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр.

Шымкент–Ташкент бағытындағы велошеру жолының ұзақтығы – 130 шақырым. Айта кетейік, игі дәстүрге айналған мұндай велошеру биыл екінші рет өткелі отыр. 2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында велоспортшылар Ташкент қаласынан Шымкентке шерумен жүріп келген болатын.