1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады

375

Шымкентте әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылды. Төрт ауданнан ашылған бұл мекемелерде көп балалы отбасыларына түрлі қызметтер көрсетіледі. Үкімет қолдауына зәру отбасылар 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыра бастайды.

Көп балалы ана Жадыра Әбжан Абай ауданынан ашылған орталыққа арнайы келіп, қызмет алған алғашқы тұрғындардың бірі. Ол сәуірде берілетін әлеуметтік көмектің жай-жапсарын білу үшін келіпті.  Мамандар үкімет қолдауына кімдерге тиесілі екенін және оған қандай құжаттар талап етілетінін тиянақты түсіндіріп берді дейді ол.
Бұдан былай тұрғындар өздері тіркелген мекен-жайлары бойынша осынау әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына келіп, түрлі қызмет ала алады. Жергілікті халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында төрт бірдей ауданнан ашылған қабылдау орындарында көп балалы аналарға психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер тұрғысынан түрлі қызметтер көрсетіледі. Айта кетейік, бүгінде арнайы штаб қаладағы үкімет қолдауына зәру отбасыларын түгендеп, тиесілі көмекті сапалы көрсету үшін қызу жұмысқа кіріскен. Бүгінде Шымкентте 31 мыңнан астам көп балалы ана тұрады. Айта кетейік, осы жылдың 1-ші сәуірінен бастап қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы саны 10 мыңнан 20 мыңға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Мақпал Рысбаева