Президент өзінің Twitter-де «31 арнаның» сюжетін салып, Премьер-Министр мен Түркістан облысының әкіміне Ленгір қаласындағы көп пәтерлі үй тұрғындарының келеңсіз жағдайы мәселесін шешуді тапсырды.

Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйдің сарқынды сулары мен жағымсыз иісі бар мәселе жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақында ашылған «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ленгердегі көппәтерлі үйдің тұрғындары олардың үйін үнемі кәріз қалдықтары иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған болатын.